Студенттер мен магистранттардың Сонгонхвэ университетінің профессорымен кездесуі

15.11.2023

Көрулер: 217

Тұрақты даму жолындағы серіктестікті дамыту мақсатында 2023 жылдың 10 қарашасында КазҰУ Азиялық зерттеулер институтының шақыртуымен келген Оңтүстік Корея, Сеул қаласы,  Сонгонхвэ университеті, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің профессоры Ким Чан Джин Шығыстану факультеті, Қиыр шығыс кафедрасы, Корейтану бөлімінің  3, 4-курс студенттері мен 1,2 курс магистранттарына  арнайы дәріс өткізді. Бұл дәрісте 21 ғасырдың басында көптеген корейлік, сонымен қатар шетелдік көрерменнің жүрегін баурап алған Хо  Джин Хо режиссердің «Көктем өтті» деп аталатын көркем фильмі қарастырылып, талданды. Фильмді алдын-ала көріп келген магистранттар мен  студенттер профессордың талдауын тыңдаған соң, өз әсерлерімен бөлісті.  Фильмде көктемде гүлдеп, жыл сайын өзгеріп отыратын махаббат бейнесі көрсетіліп, корей қоғамы, мәдениеті және корей халқының отбасылық құндылықтары жақсы көрсетілген. Дәріс соңында студенттермен сұрақ-жауап алмасып, тақырып кеңінен ашылды.