Мәскеудегі Корей тарихы бойынша өткізілген арнайы дәріс

7-қар-23

Көрулер: 279

2023 жылдың 31 қазанынан 2 қарашасына дейін Мәскеуде Ресейдің корей тілі мектептері қауымдастығының 8-ші семинары өтті. Бұл қауымдастық 2015 жылы құрылып, оның құрамына Ресейдегі 31 корей тілі мектебі кіреді. Жыл сайын Корея Республикасының Ресейдегі Елшілігінің және Корея Республикасының Елшілігі жанындағы білім беру орталығының қолдауымен бұл қауымдастық корей тілі, Корей тарихы мен мәдениеті саласындағы жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша семинарлар өткізеді. Биылғы жылы өткен семинардың басты тақырыбы Корея тарихы болды. Семинарға сондай-ақ 31 корей тілі мектебінің мұғалімдері мен 5 жоғары оқу орнының (Волгоград мемлекеттік университеті, Пермь мемлекеттік университеті, Уфа мемлекеттік университеті, РУДН және Қазан федералды университеті) оқытушылары қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бенг Джо семинарға арнайы лектор ретінде қатысып, Корея тарихы бойынша екі арнайы дәріс оқыды(1-бөлім: Кочосон ~ Біріккен Силла, 2-бөлім: Коре ~ жаңа заман). Профессор Ли Бенг Джоның арнайы дәрісі қатысушылардан көптеген сұрақтар қою арқылы жақсы жауап алды.