Стамбулдағы " Орталық Еуразия студенттеріне арналған корейтану бойынша 2-ші халықаралық академиялық олимпиада

31.10.2023

Көрулер: 659

2023 жылғы 27-28 қазанда Түркияның Стамбул университетінде "Орталық Еуразия студенттеріне арналған корейтану бойынша 2-ші халықаралық академиялық олимпиада" өтті. Стамбул университетінің филология факультетінің корейтану бойынша олимпиадалары жыл сайын үнемі өткізіліп тұрады. Биылғы жылы Халықаралық олимпиадаға өз университеттерінде l - турда іріктеуден өткен Болгария, Украина, Словения, Өзбекстан, Түркия, Қазақстан студенттері қатысты. Олимпиаданың қазылар алқасы ретінде Оңтүстік Корея, Испания, Словения, Ұлыбритания және Венгриядан профессорлар шақырылды.

Корейтану бойынша халықаралық академиялық олимпиада Орталық Еуразияның корейтану бойынша VI - халықаралық конференциясымен қатар өткізілген болатын, онда әртүрлі елдердің профессорлары сөз сөйледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының 2 - курс магистранты Кожахметова Жания профессорлар Ли Бёнг Джо мен Мионг Сун Ок жетекшілігімен "медициналық туризм арқылы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы алмасу және ынтымақтастық перспективалары" тақырыбында өз жобасын таныстырып, жүлделі II - ші орынның иегері атанды. Олимпиада жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жания өзінің сұхбатында " халықаралық ауқымдағы олимпиадаға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Біріншіден, Әртүрлі елдерден келген профессорлар мен студенттер болғандықтан, бұл мен үшін пайдалы тәжірибе болды. Профессорлармен пікір алмасу, жобаны қорғап болғаннан кейінгі олардың сұрақтарына жауап беру әсіресе қызықты болды. Әрине, біздің кафедра мен факультетке маған көмек пен қолдау көрсеткендері үшін өте ризамын".

Қиыр Шығыс кафедрасының магистранты Кожахметова Жания корейтану саласындағы білімнің жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді, бұл жетістік барлық корейтанушы- қатысушылар үшін жақсы үлгі болды.