Қиыр Шығыс кафедрасының шетелдік профессоры Такаши Ниномия Павлодар қаласында өткен «Қазақстан жастары: мемлекеттік тіл саясаты және қоғам» өңірлік семинарына қатысты

24-қаз-23

Көрулер: 335

2023 жылдың 06 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының шақырылған профессоры, доцент, Такаши Ниномия «Қазақстан жастары: мемлекеттік тіл саясаты және қоғам» өңірлік семинарына қатысу үшін Павлодар қаласына барды. Қазақстандағы Білім министрлігі ұйымдастырған семинарлардың негізгі қатысушылары мен тақырыптары келесідей болды: Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы («Мазмұндама» қоғамдық қорының төрағасы) «Қазақстанның дамуы қазақ тілінің дамуына байланысты» тақырыбында дәріс оқыды; Жұмабай Мақпал Құрманжанқызы (Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты) «Тілді цифрландыру: мүмкіндіктер мен бастамалар» тақырыбында дәріс оқыды; Такаши Ниномия «Мемлекеттік тілді үйренудің тиімді жолдары» тақырыбында дәріс оқыды. Ниномия әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дайындық факультетінде қазақ тілін қалай оқығанын және күнделікті өмірде қазақ тілін қалай қолданатынын айтты. Ол былай деді: «Мен қазақтардың орысша және қазақша, яғни екі мүлдем бөлек бір-біріне ұқсамайтын тілді қолданып, сөйлегеніне таңғалдым, ал қазақтар менің тек қазақша сөйлейтінімді көріп таңғалды." Сондай-ақ профессор қазақша жақсы сөйлейтін қауымның әлі қазақ тілінде дұрыс сөйлей алмайтын адамдарға барынша түсіністікпен қарауды ұсынды.