ҚазҰУ студенттері үшін корей саясаты мен дипломатиясы бойынша жетекші сарапшылардың әзірлеген ашық онлайн курстары

19-қаз-23

Көрулер: 332

2023 жылдың 16 қазанында Инха университетінің халықаралық қатынастар институты директорының орынбасары, профессор Сонг Донг Ги мырза Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында болып, факультет деканы Ем Н.Б. және кафедра меңгерушісі Абаған А.Б.-мен кездесті. 2021 жылдан бастап Ихна университеті Корейтану академиясының демеушілігімен «Корей контентін академиялық тұрғыдан кеңейту» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жобаның мақсаты – корей саясаты мен дипломатиясы бойынша жетекші сарапшылардың бейнедәрістерін (10 аптаға созылатын) түсіріп, бүкіл әлемге тарату. Әңгіме барысында профессор екі жыл ішінде жоба қатысушылары корей және ағылшын тілдерінде 20-дан астам бейнедәріс дайындағанын айтып өтті. Қазіргі уақытта бұл бейнедәрістер MOOC (жаппай ашық онлайн курс) ретінде университеттерге таратылуда. Енді шығыстану факультетінің студенттері де корей саясаты мен дипломатиясы бойынша жетекші сарапшылардың MOOC дәрістерін тыңдап, білімдерін кеңейтуға мүмкіндік алды.