Корейтану апталағы аясында «Таланттар сайысы» атты іс-шара өткізілді

10-сәу-23

Көрулер: 438

04 сәуір күні Қиыр Шығыс Кафедрасының профессоры Ли Бенг Джо және куратор-эдвайзерлері Сермухаметова Б.Б., Сайлаукенова Ә. Е., Бегалиева М.Б. ұйымдастыруымен Корейтану апталағы аясында «Таланттар сайысы» атты мерекелік іс-шара өтті. Корейтану кафедрасы өзінің ғылыми жетістіктерімен ғана емес, сонымен қатар студенттер арасында корей әндері мен корейдің заманауи билерін орындай алатын дарындылығымен де танымал. Корейтану бөліміндегі барлық студенттердің 90% корей сериалдары мен музыкасының танымалдылығының арқасында Қиыр Шығыс кафедрасына келгені кездейсоқ емес. Осы іс-шарада Қиыр Шығыс кафедрасы, корейтану бөлімінің студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Күйші, биші, әнші студенттеріміз дәстүрлі өнерімізді ғана дәріптеп қоймай, корей тілінде ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Осы іс-шараға қатысқан өнерпаз студенттерімізге, ұйымдастырушы топқа, ең бастысы еңбегімізді бағалап, қолдау көрсеткен көрермендерге де алғыс айтамыз!

 

                                                                  Қиыр Шығыс кафедрасының

аға оқытушысы Сермухаметова Б.Б.