Қазақстан бойынша жапон тілін оқушылардың шешендік өнер сайысы

13-нау-23

Көрулер: 580

11 наурыз күні Қазақстанда жапон тілін оқитын студенттер арасында 26-шы рет жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтті. Бұл сайыс шет елдерде жапон тілінің дамуы мен таралуына қолдау көрсету мақсатында халықаралық жапон қоры, Қазақстандағы Жапонияның елшілігінің бастамасымен жүзеге асып, жыл сайын өткізіліп отырады.

Сайысты Ұйымдастырушылар:              Қазақстандағы жапон тілін оқытушылар ассоциациясы; Қазақстандағы Жапонияның елшілігі; Әл Фараби атындағы ҚазҰУ

Сайыстың демеушілері: Қазақстандағы Жапон бизнесмендер ассоциациясы, Қазақстандағы Жапондықтар ассоциациясы; Адам ресурстарын дамыту Қазақ Жапон орталығы.

Қазақстанның жан жағынан келген он жеті студентпен қатар Әл Фараби атындағы ҚазҰУ дің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының 4 студентіде осы сайысқа қатысты.

Сайыстың қортындысы бойынша 3 - орынды Қиыр Шығыс кафедресының 2 курс студенті Қабыш Азиза, 5-орын 3 курс студенті Пазылбекова Диана алса, Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі, Батырхан Құрмансейіт атындағы арнайы жүлдені 3 курс студенті Ережепова Рахима алды.