«Қазақстан-Жапония» викторина

2-нау-23

Көрулер: 429

25 ақпан 2023 жылы Қиыр шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің студенттері мен университетіміздің серіктесі, Жапонияның алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі Васэда университеті студенттерінің арасында Қазақстан мен Жапония туралы сұрақ-жауап сайысы өтті. Сайысқа жапонтану бөлімінің бірінші, екінші, үшінші курс студенттері қатысты.

Қазылар алқасында Васэда университетінің профессоры Огихара мырза, Сайто мырза, жапонтану бөлімінен аға оқытушылар Боранкулова С.К., Шадаева М.Т., Тазабекова Г.Б. төрелік етті.

Сайыс барысында екі жақтың студенттері екі мемлекет туралы қаншалықты жақсы білетіндерін көрсетті.

Сайыста Қазақстан мен Жапонияның тарихы, тілі, мәдениеті, әдебиетіне қатысты сұрақтар болды. Екі жақта өз деңгейлерінде жақсы көрсеткіштер көрсетті. Жүлделі орынға ие болған студенттерге сертификаттар мен Васэда университетінің арнайы сыйлықтары тапсырылды.