«Таңбалы тастағы» оқу-танымдық экскурсия

2-нау-23

Көрулер: 512

Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасында 17 ақпаннан 24 наурыз аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Жапонияның серіктес университеттерінің студенттеріне арналған «Қысқы мектеп» өткізіліп жатыр.   Осы қысқы мектеп бағдарламасының аясында Цукуба және Кейо университеттерінің студенттері Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің оқытушылары мен студенттерімен 26 ақпан 2023 жылы Таңбалы тасқа оқу-танымдық экскурсияға барды.

Бұл экскурсияның бағдарламасының мақсаты – студенттерге Орта Азия мемлекеттерінің халқының тарихы, мәдениеті, тілін оқыту ғана емес, сондай-ақ еліміздің тарихи, туристік орындарымен таныстыру. Жартасқа түсірілген таңбалардың ең көнесі шамамен XI ғасырдан басталады да, XIX ғ. асырға дейін жалғасады. Таңбалы тастың зор атаққа ие болу себебі бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бір ел болып қосылған жері. Сондықтан бұл Таңбалы тасты алғаш ашқан ғалымдар «тарихтың зор куәлігі » деп атаған киелі жерді көруге шетелдік студенттер ерекше қызығушылық танытты. Жапон студенттері еліміздің табиғатынан ерекше сезімде болып, жол бойы Қазақстанның жерінің кеңдігіне, табиғатының әдемілігіне тамсанып келді.