«ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАПОНИЯ.МӘДЕНИ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ ӨТТІ

2-нау-23

Көрулер: 496

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапон бөлімінің апталығы аясында жапон бөлімінің оқытушылары Боранкулова С.К., Сауданбекова Ш.Т., Нурелова А.М., Тазабекова Г.Б. ұйымдастыруымен ҚазҰУ-не Жапонияның Васеда Университетінен қысқы мектеп бағдарламасымен келген студенттермен бірлесіп «Қазақстан мен Жапония. Мәдени қарым қатынас» атты халықаралық студенттік форум өтті.

Форумның мақсаты: жергілікті және шетелдік студенттердің екі халықтың тілдері мен мәдениеттері жөніндегі білімдерін тереңдету және қос ел білім алушыларының арасындағы достастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту. Жапония жайында көп сұрақтарға жауап берген студенттер Васеда университетінің сертификаттарымен марапатталды.