ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ КАНГНАМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Көрулер: 790
Қанатова Саида Қиыр Шығыс кафедрасының студенті 2022жылдың 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында Оңтүстік Корея мемлекетінде Йонъин қаласындағы Кангнам университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 4 ай оқу сапарында болды. Бұл оқу сапарының негізгі мақсаты корей тілін жетік меңгерумен қатар, корей мәдениетімен жақынырақ танысу болып табылады.
Мен Қанатова Саида Кангнам университетінде шетелдік студенттерімен ғана емес, корей студенттерімен де бірге оқу мүмкіндігіне ие болып, корей тілінің тәжірибелі ұстаздарынан тәлім алдым. Тек сабақ барысында ғана корей тілін меңгермей, білімімді күнделікті өмірде де қолдандым. Нәтижесінде корей тіліндегі қабілеттерім айтарлықтай жақсарды. Университет шетелдік студенттерге барлық жағдай жасап, әр-түрлі мәдени іс-шаралар, фестивальдар өткізді. Осындай қарқынды студенттік өмір барысында жаңа тәжірибелерге ие болып, тұлға ретінде дамып қалыптасуға мүмкіндіктер алдым.
Күзгі семестр барысында тек корей тілін теория және практика жүзінде оқып ғана қоймай, әртүрлі мәдени көрікті жерлерін тамашалап, корей мәдениетіне деген қызығушылығым одан әрі артты. Жаңа ортада қалыптасып, өзімнің болашаққа қойған мақсаттарымды айқындадым. Корея мемлекетінде өткізген әрбір сәт мен үшін естен кетпес, құнды естелік. Осындай ауқымды мүмкіндіктерге ие болғанымның бірден бір себепкері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылар құрамына алғысымды білдіремін.







