Шығыстану факультетінің магистранты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында еліміздің Жапониядағы Елшілігінде дауыс берді
24.11.2022
Көрулер: 750
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің магистранты Мұқанова Алима еліміздің Токио қаласында орналасқан Жапониядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс берді.
Онда әлемнің ең үздік университеттерінің бірі – Токио университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бола отырып, ол өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Қазақстанның патриоты ретінде ол өз болашағын таңдады.






