Қиыр Шығыс кафедрасының шақырылған профессоры Ли Бён Джо Ёнгнам университетіне онлайн режимінде арнайы дәріс оқыды
22.07.2022
Көрулер: 955
2022 жылдың 21 шілдесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының шақырылған профессоры Ли Бён Джо Ёнгнам университетінің 20-ға жуық магистранттары мен докторанттарына онлайн режимінде арнайы дәріс оқыды. Арнайы дәрістің тақырыбы «ТМД корейлерінің 150-жылдық тарихы мен мәдениеті» болды және арнайы дәрісте профессор Ли Бён Джо корейлердің Орталық Азиядағы 150 жылдық тарихын төрт кезеңге бөліп түсіндірді және ТМД корейлерінің білімі, БАҚ ақпараты және көркемдік қызметі туралы толық ғылыми ақпарат берді.






