Жапон мәдениеті апталығы

20.10.2021

Көрулер: 720

           20.10.2021-24.10.2021 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қиыр Шығыс кафедрасы, жапонтану бөлімінің бастамасымен республикалық деңгейде «Жапон мәдениетінің апталығы» ұйымдастырылды. Апталық шеңберінде жапонтану бөлімінің куратор-эдвайзері Г.Б. Тазабекованың жетекшілігімен 1-курс студенттерінің қатысуымен күншығыс елінің тарихы, мәдениеті және қоғамына қатысты түрлі тақырыпта онлайн іс-шаралар өткізілді. Нақтырақ айтқанда, жапондықтардың киім үлгісі, тұрғын үйі, ұлттық тағамдары т.б. қатысты ойындар, викториналар мен жапон тілі каллиграфиясының шеберлік сабақтары өткізілді, сондай-ақ, студенттердің жапон театры, гравюрасы, мемлекеттік мейрамдары жөніндегі арнайы даярлаған презентациялары мен бейнероликтері қалың көрермен назарына ұсынылды.

           Көрермен ретінде апталыққа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушылары мен студенттері, Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы мен «Ичикава» мектебінің жапон тілін меңгеруші қауымы, Алматы қаласындағы «Даму» зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Берілген іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті.