Корейтану апталығының екіші күні -"Корей киносы"

17.03.2022

Көрулер: 970

Корея Республикасының Білім беру орталығының қолдаумен өтіп жатқан «Корейтану апталығының» екінші күні корей киносына арналды!
Сейсенбі, 15 наурыз, «Корейтану апталығының» екінші күні. Бұл – «Корей киносының күні». Бұл іс-шараға  тек 1 курс студенттері қатысты. Осы жолғы «корей киносының күні» жылдағыдан ерекше өтті. Студенттер назарына тек қана Кореяда ғана емес, бүкіл әлемге танымал «BTS» тобының «Run BTS» атты бағдарламасы ұсынылды. Студенттер тек жиналып корей тілінде кино көріп қана қоймай, сондай-ақ ойын-сауық бағдарламаларын көру арқылы корей тілінің ауызекі сөйлеу стилі мен жастар арасында пайда болып жатқан сленгтерді де үйренді. Сонымен қатар, бағдарламада көрсетілген корей тілін дамытуға арналған ойындарды ойнап, уақытты көңілді әрі пайдалы өткізді.  Іс-шараға қатысқан студенттердің барлығына ұнағанын келесі пікірлерден біле аламыз. «Шоуларды көру арқылы үйренген грамматиканы пысықтай алдық, әрі көңілді бағдарламаны достарыңмен бірге көрген әлдеқайда қызық екеніне көз жеткіздік. Сол себепті осы жолғы іс-шара жадымызда әдемі естелік болып қаларына сенімдіміз», - дейді 1 курс студенттері.