Корея Республикасы Үкіметінің құрмет грамотасы

30.12.2021

Көрулер: 1178

Шет тілдер университетінің (Сеул қ.) шақыртылған профессоры Ли Бенг Джо 2015 жылдың ақпан айынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасында жұмыс істейді. Ол Қазақстандағы корейтанудың дамуына айтарлықтай үлес қосып, білім алушылар мен оқытушыларға Корея Республикасынан стипендиялар мен білім беру жобаларын алуға көмектесті.  

Алматыдағы корей компанияларымен тұрақты іскерлік және академиялық ынтымақтастықтың арқасында профессор Ли Бенг Джо студенттермен алмасу бағдарламаларын және білім алушылырдың корей компанияларында тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша көмектесіп, сондай-ақ магистранттарға арналған қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша келісімдерге қол қоюға үлкен үлес қосады.

«Бұл марапатқа мен ғана емес, біздің университетте еңбек етіп жүрген жандардың бәрі лайықты деп ойлаймын», - деді профессор марапаттау кезінде. «Ал біз, өз кезегімізде осындай тұлғадан білім алып, қазіргі таңда әріптес болып жүргенімізге мақтанамыз. Сондай-ақ Ли профессордың алдағы уақыттағы еңбек жолында тек қана табыс пен сәттілік тілейміз!» - деп кафедрамыздың түлегі, қазіргі оқытушы Сайлаукенова Айгерім өз пікірін айтты.