Қазіргі заманғы корей прозасы
04.12.2020
Көрулер: 1172
2020 жылдың 4 желтоқсанында «100 кітап» жобасы аясында студенттердің «Шин сэдэ» ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы корей прозасы» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Үйірме жетекшісі, әрі корейтану бөлімінің 2 курс эдвайзері У.А.Амирбекова топ студенттерін қазіргі заманғы корей прозасына шолу жасап, оның озық үлгілерімен таныстырды. Іс-шараның мақсаты – корейтану бөлімінде білім алып жүрген студенттердің бойында корей әдебиетіне деген қызығушылықтарын ояту.






