«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы мен қалыптасу тарихы» атты онлайн конференциясы

07.05.2021

Көрулер: 1710

2021 жылдың 27 сәуірінде Қиыр Шығыс кафедрасының куратор-эдвайзері Г.Б. Тазабекованың жетекшілігімен жапонтану бөлімінің 2-курс студенттері үшін «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы мен қалыптасу тарихы» тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырылды. Қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы әскерінің офицері? Майор Алтаев Альжан шақырылды. Альтаев Алжан студенттер назарына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу тарихы туралы презентациясын ұсынды және Қазақстандық армияның құрылымын егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен бірге офицер мырза әр саналы адам өз Отанының патриоты болуы керек деп атап өтті. Студенттер Альтаев Алжанға мазмұнды және қызықты әңгіме үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Онлайн-кездесу жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті.