«Чусок корей дәстүрлі мерекесін тойлау»

07.10.2020

Көрулер: 2065

2020 жылдың 7 қазанында ZOOM онлайн-платформасында эдвайзер Тоқтарова Ж.Б. мен Ким Е.В. жетекшілігімен «Корей халқының дәстүрлі Чусок мерекесі» іс-шарасы өтіледі. Осы іс-шараға Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің 1 курс студенттері қатысады. 

 

Чусок мерекесі ай күнтізбесі бойынша тамыздың 15-інде тойланатын керемет отбасылық мереке. Биылғы жылы осы мереке 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтілінген. Әдетте, Чусок кезінде көптеген корейлер туған жерлеріне барып, мерекені отбасыларымен және туыстарымен бірге тойлайды. Бірақ осы жылы пандемияға байланысты мереке сезімі мүлдем жоқ.

 

Қиыр Шығыс кафедрасы, корейтану бөлімі Чусоктың құрметіне жыл сайын көңілді іс-шара өткізеді. Биылғы жылы қазіргі жағдайға қарамастан, іс-шара онлайн режимінде өткізіледі. Студенттер пайдалы ақпараттар алып, қызықты уақыт өткізеді. Іс-шара барысында бірінші курстың эдвайзерлері Тоқтарова Ж.Б. және Ким Е.В. Чусок туралы, Корея, сонымен қатар Қазақстанда негізгі корей мерекесін өткізуінің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіледі.