ИЧИКАВА ЖАПОН ҮЙІНДЕГІ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

18.03.2020

Көрулер: 1617

Ичикава жапон үйі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы студенттерінің жыл сайын өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген практика базаларының бірі. Ичикава жапон үйі биыл Жапон елшілігімен, Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және басқа да қауымдастықтармен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайында “Жапония мәдениет күні” атты жапон фестивалін өткізді. Бұл іс-шара Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтады. Фестиваль Алматы тұрғындарына жапондардың дәстүрлі әдет-ғұрыптардан бастап инновациялық технологияларға дейін жапон мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді. ҚазҰУ студенттері үшін Ичикава жапон үйінде өндірістік тәжірибеден өту – кәсіби тұрғыдан дамып, көптеген жаңа дағдыларды үйрену мүмкіндігіне ие болу дегенді білдіреді.