Қиыр Шығыс кафедрасының студенті Бункё Гакуин университетінде

27.01.2020

Көрулер: 1845

Берекеев Қайсар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс студенті, 29 тамыз 2019 ж. - 31 желтоқсан 2019 ж. аралығында Бункё Гакуин Халықаралық Университетінде (Токио қ., Жапония) тағылымдамадан өтті. Студент ҚазҰУ мен Бункё Гакуин Халықаралық Университетімен жасалған әріптестік қатынастар жөніндегі келісім-шарты негізінде Жапонияда оқуға мүмкіндік алды.

Бункё Гакуин университеті сапалы академиялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар шетелдік студенттерді Күн Шығыс Елінің мәдениеті мен дәстүрімен таныстыруды мақсат етеді. Мәдениетті оқыту университет қабырғасында ғана жүргізілмейді. Осыған байланысты университет әкімшілігі студенттер ұйымымен бірлесе отырып, әсіресе шетелдік студенттер үшін түрлі шаралар өткізді. Бұл іс-шаралар жыл сайын жаңа студенттер тобымен қайталанады, бұның өзі Бункё университеті үшін өзіндік дәстүрге айналды.

Осы бағдарламаны аяқтаған Қайсар Берекеев Жапония туралы академиялық білім алып, жапон тілінің деңгейін жақсартып қана қоймай, болашақта оған пайдалы болатын баға жетпес тәжірибе алды.