Kitap fest

27.01.2020

Көрулер: 1600

       Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің 2 курс студенті Абзалова Жұлдыз "Sanaly Urpaq” Академиялық Студенттік Кеңесінің төрайымы. Бұл Студенттік Кеңес студенттерге арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырады.   Шығыстану факультетінде "Sanaly Urpaq” Академиялық Студенттік Кеңесі ұйымдастырған “Kitap fest” іс-шарасы болып өтті."Kitap fest”- факультет студенттері арасындағы жаңа форматтағы кітап алмасу шарасы.Іс-шараның мақсаты- жастар арасында кітап оқуды насихаттап,ұйым мүшелерін студенттерге таныстыру болатын.Іс-шара шарты бойынша студенттер алдын ала тіркелуі керек болды.Тіркелген студенттер өздеріне ұнаған кітапты өзінде бар кітаппен алмастырып алды.Ұнаған кітапты іс-шара өткізілген күні алып кете алды.Аталынған шараға 30дан астам студент қатысты.