Көк Жайлауға саяхат

27.01.2020

Көрулер: 1827

Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің 2 курс студенттері мен Қазақ Ұлттық Университетіне оқуға келген жапондық студенттер Алматы қаласының маңындағы Көк-Жайлау тауына бірге серуендеуге барды.Екі жарым сағаттай тауға көтеріліп, керемет табиғатты тамашалады.Бірге тамақ ішіп,өлең айтып,қызықты ойындар ойнап,естелікке суретке түсті.Қастарынан жылқылардың тобы өткенде жапондық студенттер қатты таңғалып,қызықтады.Таза ауа жұтып,қаланың қарбалас өмірінен демалған өте қызықты кішкентай саяхат болды.Сонымен қатар бұл саяхаттың тағы бір мақсаты жапондық студенттерге Қазақстанның тамаша табиғатын таныстыру болды.