БІЗ КОРЕЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЕ КОРЕЯ ТАРИХЫ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ДӘСТҮРЛІ САЙЫС ӨТТІ.

14.03.2019

Көрулер: 1989

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Корей апталығы ашылды. Дәстүрлі іс-шаралар "Біз Корея туралы не білеміз?" тақырыбен басталды. Жыл сайын жоғары курс студенттері бірніші курс студенттері арасында Корей тарихы бойынша жарыс ұйымдастырады. Биыл Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөліміне 47 студент қабылданды. Біраз уақыттан бері корейтану бөліміне мұндай көп студент оқуға түспеген болатын. 1 курс студенттерінің барлығы Корей тарихының негіздерін жетік меңгерген. Алдағы уақытта олар сан ғасырлық тарихы бар Корей түбегінің тарихи дамуының әртүрлі кезеңдері бойынша маманданданатын болады.

 Іс-шараны кафедраның аға оқытушылары Б.ЖТашкенбаева, Т.Н.Пак, Б.М.Қыдырбаев ұйымдастырып, шақыртылған профессор Ли Бенг Джоның қолдауымен қаржыландырылды.

 Бұл байқауға студенттер тыңғылықты дайындалды. Өйткені, 3 айдан кейін біздің студенттеріміз өз білімдерін Корея Республикасының Ұлттық тарих институты ұйымдастыратын Халықаралық байқауда жоғары деңгейде көрсетуі тиіс. Бірінші курс студенттеріне Сәттілік тілейміз