Ал сіз Корей биін билей аласыз ба? Корейтанушылардың арасында ерекше Корей би байқауы өтті.
Көрулер: 2132
Корейтану бөлімі ғылыми жетістіктерімен ғана белгілі болып жүрген жоқ. Сонымен қатар, студенттердің заманауи корей биіне үлкен қызығушылығының бар болуымен де ерекшеленеді. Корейтану бөліміндегі барлық студенттердің 90% корей сериалдары мен музыкасының танымалдылығының арқасында Қиыр Шығыс кафедрасына келген. Кореядан келген оқытушылар Ли Зенг Хе мен Чой Джи Енг байқаудың төрешілері болды. Студенттер сериалдардағы корей актерлеріне еліктеп би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Әрі бұл би сайысы өте сәтті өтті. Байқауда ең үздіктер жеңіске жетті.
Корейтану бөлімінің құрамында Оңтүстік Кореядан келген шетелдік оқытушылар аз емес. Корей тілінің магистрлері өз елінде білім алып, Қазақстанға жұмыс істеуге келген. Олар сабақтан тыс театр үйірмелері мен корей хорын ұйымдастырып, студенттердің жан-жақты болуына үлес қосуда. 2019 жылы кафедра барлық корейтанушылардың арасында би марафонын жоспарлап отыр. Корейтанушылар корейше билей алады!






