Президент күніне арналған іс шара

29.11.2018

Көрулер: 2421

2012 ж. желтоқсанның бірінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтіп келеді. Президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.2018 ж. 29 қарашада Қиыр Шығыс кафедрасы мен Таяу Шығыс кафедрасы Президент күні мерекесіне орай "Елін сүйген Елбасы" атты іс-шара өткізді. Іс-шараға Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ы., деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Канафьева Ш., Қиыр Шығыс және Таяу Шығыс кафедраларының 1 курс эдвайзерлері мен студенттері қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ы. құттықтау сөз сөйледі. Содан кейін 1 курс студенттері концерттік номерларын ұсынды. Студенттер көрермендерді ұлттық билермен қуантып, ән айтып, ұлттық аспаптарда ойнап өз өнерлерін паш етті.