Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары «Жібек жолы» Қазақстан-Корей форумына қатысты

09.12.2015

Көрулер: 2554

Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығында «Жібек жолы» Қазақстан-Корей ашық форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты: ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын орнату, Корея мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында біліммен және тәжірибемен алмасу. Бұл форум Корея Республикасы Бас консулдығының қолдауымен өткізіліп отырған екінші форум. Бірінші форум осы жылдың маусым айында өткен болатын. ҚазҰУ «Алматы қаласындағы көшелердің мән-мағынасы туралы» атты жаңа тақырыпты ұсынды. Бұл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара түсіністікті қолданудың тағы бір кезеңі болып табылады. ҚазҰУ оқытушылары Алматы көшелері атауларының мән-мағынасы, олардың пайда болу тарихы және қазақ халқының тарихи мақтанышы ретіндегі мәдени маңыздылығы туралы баяндап берді.