«Тәуелсіздік - ел бақыты»
22.02.2016
Көрулер: 3013
22 ақпанда Шығыстану факультетінің 429 аудиториясында «Тәуелсіздік - ел бақыты» атты тақырыпта Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Нурсеитова Л.Д., Рыспекова Н.С., Ниномия Такаши дөңгелек үстөл өткізді. Жапонтану бөлімінің 2-4 курс студенттері және магистранттар «Тәуелсіздік - ел бақыты» тақырыбы аясында жазған мақалаларын, тақпақтарын оқып, осы тақырып төңірегінде пікір талас ұйымдастырды. Студенттер осы тақырып аясында өз ойларын еркін жеткізіп, пікір талас болып, дөңгелек үстел қызық өтті.
Ұйымдастырушылар алқасы: Нурсеитова Л.Д., Рыспекова Н.С., Ниномия Т.






