Korea Sanhak Foundation студенттерді марапаттады 02.09.2016

02.09.2016

Көрулер: 2359

ҚазҰУ-да Korea Sanhak Foundation шәкіртақы беру салтанаты өтті. Ұлттық университет пен қордың ынтымақтастығын дамыту және нығайту іс-шараның негізгі мақсаты. Шәкіртақыны алуға арналған сертификаттарды қордың бас хатшысы Ким Му Хан мырза ұсынды.

    Ол студенттердің жұмыстарын жоғары дәрежеде бағалап, оларды жетістіктерімен құттықтап, алдағы істеріне сәттілік тіледі. Қор 1974 жылы құрылған. Қордың мақсаты - техникалық білім беру мен ғылыми зерттеулерге, шағын және орта ғылыми өнеркәсіпке және универиситеттерге қолдау көрсету. ҚазҰУ-дың шығыстану, химия және химиялық технология, биология және биотехнология, физико-техникалық және халықаралық қатынастар факультетінен 10 студент шәкіртақы иегері атанды. Шәкіртақысымен сертификаттарын GPA көрсеткіштері жоғары кәріс студенттер, оқу озаттары мен корей тілін меңгеріп жүрген және сол елдің мәдениетіне қызығушылық танытып жүрген студенттер марапатталды.

    Шәкіртақыны салтанатты табыстау рәсіміне ҚазҰУ-ға Оңтүстік Кореядан Хван Ен Сам және Пак Ли Бан профессорлар, Кореяның бейбітшілік және демократиялық бірлестік кеңесінің төрағасы Ли Дже Ван мырза арнайы келді.

Стипендиаттарды жеңісімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болғай!