ЕҢ АҚЫЛДЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ИЕРОГЛИФТЕРМЕН КӘСІПТІК БАҒДАР
Көрулер: 2415
Соңғы бес жыл ішінде жапонтану бөлімінің түлектер саны тұрақты болып келеді. «Бір дана» өнімі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жапонтанушылары. Жапон тілінен өтетін республикалық және халықаралық конкурстардан үздік орындарды жылда иеленетіндіктері біздің түлектердің жапон тілінен білім деңгейінің жоғарылығын және ерекшеліктерін көрсетеді. Бөлімдегі негізгі дәстүр – сабақтастық болып табылады. Бүгінгі таңда Қиыр Шығыс кафедрасының кәсіптік бағдарға шығу жолдары ерекшеленіп кеңінен таралуда.
Алматы қаласының химия биология бағытындағы Назарбаев Интиликтуальды мектебінің оқушысы «Біз Қиыр Шығыс кафедрасыф жайлы жапондардың өздерінен білдік» деп айғақтады. Елуден аса оқушылар екі университет пен екі елден студенттердің оларға келгендігіне мәз мейрам болды! Профессор Огихара Ацуси (ВАСЕДА университеті) мен аға оқытушы Амантай Ж.Б. (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бастамасымен, және де НИМ директоры Мункеевой Г.Б. жылы шырайлы қабылдауының арқасында екі университет туралы, Жапония мен жапон тілі туралы фильмдерді көрсетуге мүмкіндік туындады.
ҚазҰУ қыстық мектебіне келген Васеда университетінің тоғыз студенті оқушылар арасында өте қызықты викторина өткізіп, көптеген сыйлықтар әкеліп, болашақ талапкерлерге ұмытылмас естеліктер сыйлады.
Васеда (Жапония) уинверситетімен Қазақстан территориясында далалық зерттеу жұмыстарын ескеретін, «Аймақтану. саясат, экономика мен Орта Азия мәдениеті» атты бірлескен оқу бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында ұлттық сана-сезімнің өрісін кеңейту» атты арнайы курс оқылғандығын естеріңізге сала кетейік.






