Жаңалықтар мен хабарландырулар

ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫ СТУДЕНТІНІҢ ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

17-ақп-23

2022 жылдың жазында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арқасында менің өмірімде Оңтүстік Кореяда білім алуға үлкен мүмкіндік туды. Шығыстану факультеті студенттер алмасу үшін Кореядағы көрнекті университеттерді ұсынды. Шетелде өмір сүру - бұл таңғажайып тәжірибе және жаңа көзқарас, басқа мәдениеттер мен адамдар туралы жаңа түсініктің қалыптасуына мүмкіндік. Шетелде студенттермен алмасу бойынша оқу тәжірибем және де Қиыр Шығыс кафедрасына, университет басшылығына құнды мүмкіндіктер үшін алғысыммен бөліскелі отырмын.

Ары қарай оқу >>

ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ КАНГНАМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

17-ақп-23

Қанатова Саида Қиыр Шығыс кафедрасының студенті 2022жылдың 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында Оңтүстік Корея мемлекетінде Йонъин қаласындағы Кангнам университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 4 ай оқу сапарында болды. Бұл оқу сапарының негізгі мақсаты корей тілін жетік меңгерумен қатар, корей мәдениетімен жақынырақ танысу болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Менің Каннам университетіндегі естен кетпес оқу тәжірибем!

14-ақп-23

Сәлеметсіз бе! Менің атым Баяхмет Лилия. Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Шығыстану" факультетінде "Аударма ісі" мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Мен өзімнің Кореядағы өмірім туралы айтқым келеді. Әсіресе, Каннам университеті туралы! Осы университеттегі барлық оқытушылардың оқу процесі кезінде көрсеткен тамаша оқытушылық, оқыту және қолдауы үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Осындай қысқа мерзімде жаңа білім алу мүмкіндігі үшін зор алғысымды білдіремін.

Ары қарай оқу >>

Корея – жаңа мүмкіндіктер елі!

14-ақп-23

Мен Ағабек Айсұлу 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Корея Республикасы, Канның қаласындағы Канның-Вонджу университетінде 4 ай көлемінде оқу сапарында болдым. Оқу барысында Канның-Вонджу университетінің кәсіби, білікті оқытушыларының дәрістерін тыңдап, практика жүзінде өзімнің де білімділігімді арттырып қана қоймай, шетелдік студенттермен таныс болып, әр түрлі кездесулер ұйымдастырып, шетелдік студенттермен де студенттік өмірімнің қызықты кездерін өткіздім.

Ары қарай оқу >>