Жаңалықтар мен хабарландырулар

«ЖАПОНИЯДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ»

26.10.2017

2017 жылдың 25-ші қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында Жапон фондының (Japan Foundation) өкілі Ониши Юми ханымның қатысуымен Жапониядағы академиялық ұтқырлық тәжірибесіне арналған ауқымды кураторлық сағат өтті.

Ары қарай оқу >>

ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ КОРЕЙ ТҮБЕГІН БІРІКТІРЕДІ

23.10.2017

Қиыр Шығыс кафедрасы және Халықаралық корейтану орталығы Кореяның бірігуі гуманитарлық ғылымының Төртінші бейбіт форумының қатысушылары болды және қазақ жеріндегі корейлердің тұрып жатқанына 80-жыл толуына орай «Қазақстан корейлерінің өткені мен бүгінгісі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Campus in campus» бағдарламасы 19.02.2017

20.09.2017

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қысқы мектеп бағдарламасы аясында «Қазақстан мен Жапониядағы қарттар мәселесі» деген тақырыпта Халықаралық студенттік форум өтті. Форум Жапонияның Цукуба университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінде жапонтану бөлімінің түлегі Голубь Антонмен кездесу өтті

31.03.2017

31.03.17 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде жапонтану бөлімінің түлегі, Жапонияның Токио шет тілдер университетінің магистранты Голубь Антонмен кездесу өтті. 

Ары қарай оқу >>

Жапония студенттері ҚазҰУ-дың қысқы мектебінде 18.02-11.03.2017

12.03.2017

Сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту, университеттің стратегиялық дамуын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, білім және ғылым саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Васэда Университетімен (Жапония) бірге 2017 жылғы Қысқы мектепті ұйымдастырды. Аталмыш мектепке профессор Атцуши Огихараның жетекшілігімен келген, Орталық Азияны зерттеуге мамандандырылған 8 студент қатысты.

Ары қарай оқу >>