Жапон тілінде сөйлесу клубы
01.10.2018Әр апта сайын Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінде Жапон қорынан келген өкілетті профессор Юми Онишимен «Жапон тілінде сөйлесу клубы» өткізіледі.
Әр апта сайын Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінде Жапон қорынан келген өкілетті профессор Юми Онишимен «Жапон тілінде сөйлесу клубы» өткізіледі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасы қазіргі таңда Жапониядағы танымал, дамыған университеттермен қарым-қатынас жасауда.
Қиыр Шығыс кафедрасы Japan Foundation -мен бірге 3 жыл қатарынан кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жапонтану бөліміне түсетін студенттер санының жыл сайын көбейіп келе жатқаны бұл жұмыстардың нәтижелі жүргізіліп жатқанына дәлел бола алады. 2018-2019 оқу жылында студенттер саны 24- ке жетті .
Қыркүйектің 25-і күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары профессор Юми Онищи мен Әліби Әріпұлы Талдықорған қаласындағы №25-ші және №16-шы орта мектептерде кәсіби-бағдарлық жұмыстарды өткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында студенттермен белсенді түрде тәрбие жұмысы жасалады.
Ағымдағы жылдың 20-22 қыркүйегі аралығында Tsukuba International Congress орталығында «Driving Sustainable Development» тақырыбында өткен шараға Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары Ниномия Такаши мен Ем Наталия қатысып қайтты.
Қыркүйектің 18 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде Кочи Университетінің (Жапония) профессоры Иноуэ мырза Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері мен магистранттарына арнап таныстыру лекциясын өткізді.
Қиыр Шығыс кафедрасының негізгі міндеттерінің бірі - жыл сайын кафедраның сенімді серіктесі Васеда университетімен бірлесіп қысқы мектеп бағдарламасын ұйымдастыру болып табылады.
Қыркүйек айының 14-күні Қазақ Ұлттық Университеті, шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс бөлімінде жыл сайынғы "Сонбе және Хубэ кездесуі" (1-курс студенттерінің жоғарғы курс студенттерімен кездесуі) атты шара өткізілді.
2018 жылдың 13 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның шығыстану факультетінде Қазақстандағы Жапония елшілігінің экономика және экономикалық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ишибики Юкио мырзаның Жапонияның экономикалық даму үрдісі жайлы арнайы дәрісі өтті.