Жаңалықтар мен хабарландырулар

ИСПАНИЯНЫҢ ЖӘНЕ КОРЕЯНЫҢ ПРОФЕССОРЛАРЫ ҚАЗҰҮ ӘЛ ФАРАБИ

05.12.2018

Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары Чан Бенг Сун және Мионг Сун Ок жетекшілігімен қазіргі уақытта Европада 3 университетпен (Испанияда 2, Финляндияда 1), сондай-ақ Қазақстанның 4 университеті де осы халықаралық «Бір Азия» жобасына қосылады. Бұл шаралар Қазақстанның ЖОО-лары мен Еуропа университеттерінің арасында академиялық алмасуды кеңейтеді.

Ары қарай оқу >>

Ұлы даланың поэзиясы Чонбук Университетінде

04.12.2018

Чонджу қаласындағы, Чонбук Ұлттық Университетінің (Корея Республикасы) қабырғасында Олжас Сүлейменовтің қазақ поэзиясы шырқалды. ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Чонджу қаласындағы Чонбук Ұлттық университетіне шақырылып, халықаралық Корей зерттеулеріне арналған «ХХІ ғасырдағы корейлік зерттеулердегі серпілістер мен сын-ескертпелер» атты халықаралық конференцияға қатысты. Халықаралық конференцияға жиырма үш елдің ғалымдары мен мамандары қатысты, ал қазақстандық корейтануды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ таныстырды.

Ары қарай оқу >>

Жапон бөлімі студенттерінің рекрутинг компаниясының президентімен кездесуі (Жапония, Саппоро): студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету

27.11.2018

2018 жылдың 27 қараша айында, Жапонияның Саппоро қаласында орналасқан жапондық рекрутингтік компания Regions-тің президенті Юкио Такока әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің жапон бөліміне дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

Корей тілі Олимпиадасы жеңімпаздары

19.11.2018

23-24 қарашада Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде корей тілінен ауқымды xалықаралық олимпиада өткізілді.  Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейдің 15 жоғары оқу орнынан 40 студент қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ынтымақтастықты орнатудағы алғашқы қадамдар!

19.11.2018

Университеттің стратегиялық дамуы мен сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Шығыстану Факультетінің Қиыр Шығыс Кафедрасы 2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығында Сонмун Университетінің студенттерімен бірге қысқы мектепті ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Ақтау қаласында жапон тілі оқытушылары

08.11.2018

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының жапон тілі оқытушысы Боранкулова Самал мен Цукуба Университетінен шақырылған профессор Ниномия Такаши Жапонияның халықаралық байланыстарды дамыту қорының «Sakura Network» жобасының аясында Ақтау қаласының   мектептерінде кәсіби-бағыт бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Ары қарай оқу >>

КҮНШЫҒЫС ЕЛІНІҢ МӘДЕНИЕТ КҮНІ

04.11.2018

Жақында Алматы қаласында Орталық мемлекеттік музейінде жыл сайын өтетін Жапон мемлекетінің мәдениет күні атап өтілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі және Қазақ-Жапон Адам Ресурстарын Дамыту Орталығы, «Нархоз» университеті, Қазақстандағы жапон бизнесмендер қауымдастығы, Теракойя ұйымы және Қазақ-Жапон Жібек Жолы ассоциациясымен бірлесіп дәстүрлі Жапон мәдениет күнін өткізді.

Ары қарай оқу >>

Біздің профессорлар Джавахарал Нерху Университетінде

28.10.2018

2018 жылдың 24 -28 казан аралығында Нью-Делиде Азия коғамдастығының Тілтану мектебі, Әдебиеттану және мәдениеттану Джавахарал Нерху (JNU) университетәнде Шығыстану Факультетіниң Қиыр шығыс кафедрасының Чан Бенг Сун жане Мионг Сун Ок профессорлары шақырылу бойынша студенттер, магистранттар, докторанттар үшін өткізілген арнайы лекцияға қатысты.

Ары қарай оқу >>