«Веб-контенттегі экстремистік ақпаратты анықтау және бақылау үшін машиналық және терең оқыту әдістері» атты жаңа монографиясын шығарумен АЖ кафедра меңгерушісі, доцент Ш.Ж.Мусиралиеваны шын жүректен құттықтаймыз
Көрулер: 810
Монография жасанды интеллект әдістерімен әлеуметтік желілердегі деструктивті көріністерді анықтау және алдын алу бойынша ғылыми зерттеулер саласына арналған. Осындай ғылыми бағыттың қазіргі жағдайы сипатталған, қолданыстағы тәсілдер, модельдер мен әдістер келтірілген, сондай-ақ экстремистік мазмұндағы мәтіндерді детективтеудің автоматтандырылған жүйесін әзірлеу міндетін шешу үшін кезеңдік міндеттер келтірілген. "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері", "Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" мамандықтарының ғылыми қызметкерлеріне, докторанттары мен магистранттарына арналған.
Жұмыс ИРН АР06851248 "Экстремистік бағытты айқындау үшін веб-контентті семантикалық талдау модельдерін, алгоритмдерін әзірлеу және құралын жасау" гранттық қаржыландырудың ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру шеңберінде орындалды, ғылыми жетекші Ш. Ж. Мусиралиева.






