«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін. Мұқағали Мақатаев» атты ашық сабақ өтілді

16.02.2019

Көрулер: 3476

16 ақпан күні сағ.15.00-де №323 аудиторияда АЖ-17-3 тобының қатысуымен ұйымдастыру-тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес, «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін. Мұқағали Мақатаев» атты ашық сабақ өтілді. Топтың эдвайзер-кураторы Ж.У. Узгенбаева сөз сөйледі, ол «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін. Мұқағали Мақатаев» тақырыбы бойынша студенттерді Мұқағали Мақатаевтың Қазақ поэзиясы мен әдебиетінің өркендеуіне қосқан үлестерімен таныстырды. Ашық сабақта мына сұрақтарды қозғады: Мұқағали Мақатаевтың үздік туындылары мен шығармалары және оның өнері мен өнегесінің қазіргі қоғамға тигізер пайдалы қасиеттерін талдау және т.б. Ашық сабақ барысында топ студенттері Мұқағали Мақатевтың әйгілі өлеңдерін оқып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Кураторлық сағаттан үзінді суреттер: