"Наурыз мейрамы" атты ашық кураторлық сабақ

11.03.2019

Көрулер: 3261

Наурыз – қаншама ғасырлардан бері тойланып келе жатқан түркі халықтарының төл мерекесі. Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Осы айтулы күнге орай Қазақстанның әрбір елді-мекенінде, әр қаласында түрлі іс-шаралар, концерттер, байқаулар ұйымдастырылады. Сол мерекелік ізді біздің ИС-18-9 группасы жалғастыруды жөн көріп атап өтті. Көптеген ақпараттар айтылып, ән, күйлер орын алып, барлығыда өнерлерін ортаға салды.