"ERASMUS + Key Action 1 – Mobility for learners and staff – Higher Education Student and Staff Mobility" жобасы
08.01.2019
Көрулер: 2485
2018 жылдың қараша айында ERASMUS + Key Action 1 – Mobility for learners and staff – Higher Education Student and Staff Mobility жобасының орындалу барысы талқыланды. Бұл жоба Mälardalen University, Швеция және аль-Фараби атындағы КазҰУ ақпараттық факультетімен біріге орындалуда және де жоба шеңберінде қос дипломды білім беру бағдарламасы жайында келісім жасалды. Адлет Нусюпов, аль-Фараби атындағы КазҰУ Ақпараттық факультетінің магистрі осы бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік алып, Mälardalen University Швецияда оқып жатыр.
Суретте: Software Engineering факультетінің деканы Раду Добрин, АЖ кафедрасының меңгерушісі Есенгалиева Ж.С., АЖ кафедрасының доценті Мусиралиева Ш.Ж., Ақпараттық факультетінің магистрі Адлет Нусюпов






