"Салтанат" би ансамбілінің кешінде

19.11.2018

Көрулер: 2706

Ақпараттық жүйелер кафедрасының студенттері Абай атындағы опера және балет театрында “Салтанат” би ансамбілінің өнерін тамашалады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі ұлттық хореография мәдениетінің бай мұрасын және әлемдік хореографияның алуан түрлігін толық насихаттайтын кәсіби би ұжымы. «Салтанаттың» өнері – «нағыз халықтық» өнер. Онда дәстүр мен тарихтың тереңдігі және қазіргі заманның бояуы да бар. Студенттер әр түрлі ұлт өкілдерінің би өнерін тамашалап, жақсы әсер алып, демалып қайтты.