Әр түлектің тағдыры-факультет тарихының бір бөлігі!

01.11.2018

Көрулер: 2854

ҚазҰУ механика-математика факультетінің түлегі, "Relog" ЖШС бас директоры Бауыржан Рүстемов 4 курс студенттерімен кездесу өткізді. "Relog" ЖШС көлік логистикасын оңтайландыру бойынша қызмет көрсетеді. Сервис компанияларға олардың көлік шығындарын қысқартуға және барлық логистиканы басқаруға көмектеседі.

Өз жобасын бастамас бұрын Бауыржан Рүстемов бағдарламалауда айтарлықтай елеулі тәжірибие жинады. Атап айтқанда, Бауыржан статистика жөніндегі комитет үшін "Талдау" атты ақпараттық-талдау жүйесін, бизнес пен мемлекеттік құрылымдарға арналған шешімдерді әзірлеуге қатысты. 2015 жылы логистиканы автоматтандыру жүйесін құруды бастады, сондай-ақ логистикамен байланысты компаниялардың барлық мүмкін болатын проблемаларын зерттей отырып, оның нәтижесінде Relog компаниясына дамыған логистикалық процестерді автоматтандыру бойынша бұлтты сервисті құру идеясы пайда болды.

Кездесу факультетіміздің бітіруші курс студенттері үшін қызықты және танымдық болды. Біздің түлектер әр түрлі салаларда биік белестерге жететіндігіне қуаныштымыз. Олардың жетістіктері біздің факультетте тек іргелі математикалық білім ғана емес, сонымен қатар жаңа мәселелерді шешу үшін ұйымдастырушылық дағдылар қаланатынын дәлелдейді.