Жүрсін Ерманмен өтетін "...Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп!" атты әдеби-сазды кездесу кешінің құрметті қонағы болыңыз!
28.11.2018
Көрулер: 2864
Аса құрметті жыр сүйер қауым!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық техологиялар факультеті, Қ.Аманжолов атындағы әдеби-шығармашылық бірлестік, Ақпараттық жүйелер кафедрасы және әл-Фараби атындағы кітапхана баршаңызды М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Төрағасы Жүрсін Ерманмен өтетін «...Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп!» атты әдеби-сазды кездесу кешіне шақырады. Жүздесу механика-математика факультетінің Ө.Жолдасбеков атындағы Үлкен мәжіліс залында өтеді. Келем деушілерге есігіміз ашық! Басталуы – сағат 16:00, 30 қараша 2018 жыл.






