Халықаралық Фараби форумы
15.04.2022Халықаралық Фараби форумынан 1-дәрежелі диплом иегері Кундил Алия Недаль, 2-курс магистратура, Ақпараттық жүйелер мамандығы. Ғылыми жетекшісі: ф-м.ғ.к., Беделбаев А.А.
Халықаралық Фараби форумынан 1-дәрежелі диплом иегері Кундил Алия Недаль, 2-курс магистратура, Ақпараттық жүйелер мамандығы. Ғылыми жетекшісі: ф-м.ғ.к., Беделбаев А.А.
2022 жылы 12 сәуір күні "Ғылым қызметкерлері күні" аясында өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың "Ғылым және білім - 2022" XVII Халықаралық ғылыми конференциясында маңыздыь баяндама жасағаны үшін 2 курс магистрант Әбдіразақ Ынтымақ екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ақпараттық жүйелер кафедрасының 2 курс магистранттары Түркияның Эдитепе университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
"Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен 10-сәуір күні өткен "Шахмат" турнирінде Ақпараттық Қауіпсіздік жүйелері мамандығының 1 курс студенті Қонысбай Шапағат 1-орын алды.
2022 жылдың ақпан айының басында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс 1901 және 1911 тобының студенттері, әл-Фарабидың Қайырымды қоғам идеясын дамыту мақсатында «Qolqanat» қайырымдылық акциясын қолдап, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі баласы бар, жағдайы төмен отбасыға материалдық көмек көрсетті.
Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының Профессор-оқытушылар қауымы да белсенді қатысып, бір кісідей атсалысты.