МИФИ түлектері магистр дипломын алды
20.08.2022МИФИ магистранттары Әбілхайыров Серік пен Сүлейменова Фейруза магистр дәрежесін алды
МИФИ магистранттары Әбілхайыров Серік пен Сүлейменова Фейруза магистр дәрежесін алды
Құрметті АЖ кафедрасының түлектері! Сіздерді Университет қабырғасын тамамдап, қолдарыңызға диплом алу салтанатты мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Алар асуларыңыз, бағындырар белестеріңіз көп болсын.
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Тіркеу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылғы 15 шілдеге дейін жүргізіледі.
Құрметті әріптестер!
2022 жылдың 15-18 қарашасында өтетін «Техникалық және ғылымдағы жасанды интеллект» - AIES-2022 Бірінші халықаралық конференциясына шақырамыз.
Ақпараттық жүйелер кафедрасы Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының 3 курс докторанты Жұмабекова Айдана Төлеуқызы ғылыми тағлымдамадан АҚШ-тың Индиана штаты, Уэст-Лафайет қаласының Пердью университетінде өтіп жатыр.
3 курс докторанты Байспай Гүлшат Болатқызы Пассау университеті, Пассау цифрлық қауіпсіздік институтында (Пассау қаласы, Германия) «Әлеуметтік желілердегі криминалдық ақпаратты тарату тораптарын сәйкестендіру әдісін құру» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
Жасанды интеллектісі бар жоғары жүктелген ақпараттық жүйелер - бұл жасанды интеллект элементтері бар ағымдағы немесе қол жетімді ақпараттың үлкен массивін жоғары жылдамдықпен өңдеу жүзеге асырылатын, деректерді өңдеу барысында олардың бағыты мен ережелері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жүйелер.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасы осы оқу жылынан бастап "Ақпараттық қауіпсіздік аудиті" инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға кірісті.
1 мамыр күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық технологиялар факультеті Ақпараттық жүйелер кафедрасының ұжымы №8 жатақханада студенттерге ауызашар берді.
«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 2 курс магистранты Талғат Байшоланов «Youth Digital Forum Ydf - 2022» халықаралық конференциясында бірінші орынды жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі: Алимжанова Ж.М.