Жаңалықтар

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Байспай Гүлшат Болатқызы «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру байқауының жеңімпазы атанды

07.10.2022

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Байспай Гүлшат Болатқызы ф.-м.ғ.к. Мусиралиева Шынар Жеңісбекқызының жетекшілігімен «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру байқауының жеңімпазы атанды.

Ары қарай оқу >>

ҚР ІІМ қызметкері, полиция учаскелік инспекторы Сеитнұров Алмас Ермұханбетұлымен кездесу

05.10.2022

5.10.2022ж. √8 жатақханада ҚР ІІМ қызметкері, полиция учаскелік инспекторы Сеитнұров Алмас Ермұханбетұлымен кездесу өтті. Кездесуде әкімшілік құқық бұзбау, көпшілік орында ішімдік ішпеу,  темекі шекпеу, қоқыс тастамау, ұрлық жасамау және ҚР азаматының құқықтарымен міндеттері жайлы айтты.

Ары қарай оқу >>

Театр – мәдениет ошағы

26.09.2022

Театр – мәдениет ошағы. Сан түрлі өнердің ішінде театр мәдениетінің, театр өнерінің алатын орны ерекше. 25.09.2022ж. 1 курс студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрына «Бір түп алма ағашы» атты қойылымды тамашалап қайтты.

Ары қарай оқу >>

Докторанттар мен магистранттарды семинарға шақырамыз

21.09.2022

Бүгін, яғни 21.09.2022 ж. Ақпараттық жүйелер кафедрасы докторанттар мен магистранттарды семинарға шақырады! Семинар Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы кәсіби маманның, ACM спикерінің жарияланымдары туралы болмақ

Ары қарай оқу >>

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында өткізілген кураторлық сағат

21.09.2022

АЖ-22-3 тобының студенттеріне тіл мерекесіне орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті. Жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір - қасиетін  түсіне  білуге, өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында тәрбиелеу жұмысы жүргізілді. Топпен жұмыс жасауда өзіндік ойларын ортаға салуға, сыни ойлауға, ой қорытынды жасауға мүмкіндіктер берілді. Кураторлық сағат топ эдвайзері Максутова Шынар Усеровнаның жетекшілігімен жүргізілді.

Ары қарай оқу >>

«Сау денеде – сау рух» атты тақырыбында кураторлық сағат

20.09.2022

ИС-22-05 тобының кураторы (орыс бөлімшесі) «Сау денеде – сау рух» атты тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат екі кезеңде өтті: алдымен 2 адамнан тұратын команда доклад жасады, содан кейін барлық топ салауатты өмір салты тақырыбын талқылады.

Ары қарай оқу >>