Жаңалықтар

Болат Әбеновтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтау сөздері

01.05.2021

Құрметті Ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері, докторанттары мен магистранттары және бакалавриат студенттері!

Өзім сабақ беретін Ақпараттық жүйелер кафедрасындағы ардақты әріптестерім!

Баршаңызды Ынтымақ пен Бейбіт өмір мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Зор денсаулықтың арқасында толағай табыстар мен жетістіктерге, ғылыми жеңістіктерге жете берейік. Табыстарымыз арта берсін! Отбасыларыңыз аман-есен, үздік студенттерісміз көп болсын! Еліміздің іргесі берік, әлеуеті мықты, халқымыз бақуатты болсын! Әрқашан күн сөнбесін!

Ізгі тілекпен,

Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы

Болат ӘБЕНОВ 

 

Ары қарай оқу >>

"Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы жайлы ең үздік шығарма" Республикалық шығармашылық конкурс

28.04.2021

Конкурс бір бөлімнен тұрады. Конкурсқа қатысушы студент Ыбырай Алтынсаринге арналған өз шығармасын оқиды. Шығарманы студент өлең жолдарымен немесе мәтіндік шығарма ретінде ұсына алады. Шығарманы оқудағы регламент – 5 минут.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Студенттік көктем» байқауының жеңімпаздары анықталды

01.04.2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттік көктем-2021» көркемөнерпаздар байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

«Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы» тақырыбында өткізілген кураторлық сағат

19.03.2021

АЖ-17-6 тобының студенттеріне Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойына арналған кураторлық сағат өтті. Алты Алаштың арысы – Әлихан Бөкейханов  мұрасын студенттерге таныстыра отырып, студенттерді  патриоттық сезімге тәрбиелеу жұмысы жүргізілді. 

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

“Тәуелсіздікке 30 жыл” атты мерекелік кеш

12.03.2021

Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздігіне 30 жыл болғанына байланысты, 2021 жылдың 12 наурызында “Ақпараттық жүйелер” кафедрасының оқытушысы, куратор Бақытгүл Ералықызының басшылығымен «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер» мамандығының 20-01 тобының студенттерімен Teams платформасында онлайн-режимде “Тәуелсіздікке 30 жыл” атты мерекелік кеш өткізілді

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

Профессор Терейковский Игорь Анатольевичтің дәрістері

17.02.2021

Сіздерді Украинаның ұлттық техникалық университетінің профессоры, жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету және мамандандырылған компьютерлік жүйелер кафедрасының профессоры, ұлттық авиация университетінің профессоры Терейковский Игорь Анатольевичтің дәрістеріне қатысуға шақырамыз.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

Ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры Хайдер Аббас сіздерді "Қауіпсіздік, қауіпсіздік және сенім" бойынша 30-шы IEEE WETICE конференциясына шақырады.

17.02.2021

🎓Құрметті магистранттар, докторанттар мен оқытушылар!
📌Ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры Хайдер Аббас сіздерді "Қауіпсіздік, қауіпсіздік және сенім" бойынша 30-шы IEEE WETICE конференциясына шақырады.Конференция 2021 жылы 23-25 маусым аралығында Байонда қаласында өтеді (Баск елі, Франция), Франция.🗼

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

Ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры Хайдер Аббас сіздерді 3-ші Халықаралық коммуникациялық технологиялар конференциясына (ComTech-2021) қатысуға шақырады.

17.02.2021

Құрметті магистранттар, докторанттар мен оқытушылар!
Ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры Хайдер Аббас сіздерді 2021 жылдың 21-22 қыркүйегі аралығында өтетін 3-ші Халықаралық коммуникациялық технологиялар конференциясына (ComTech-2021) қатысуға шақырады.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>