Игі іс/ Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы

04.05.2023

Көрулер: 562

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы "Деректер туралы ғылым" мамандығының 1 курс студенттері алдыңғы демалыста жақсы бір іс жасап қайтқан болатын. Студенттер өздерінің жағдайларына қарамастан, шәкіртақыдан үнемдеп, ата-анасы берген ақшаны жаратпай отбасыларға көмектесуді жөн көрді. "Қасиет" атты еріктілер қайырымдылық қорынан мұқтаж отбасылар тізімін алып, Рамазан айында екі отбасыға азық-түлік апарып берді.