«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КҮМІС ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ/Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы

22.05.2023

Көрулер: 931

15.05.2023 ж. «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КҮМІС ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жасанды интеллект және Big Data   кафедрасының меңгерушісі, т. ғ.к.   доцент Мадина Мансурова және докторант Ерлан Зайтин "Заттар интернеті негізінде созылмалы жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастардың денсаулығын бақылау жүйесін әзірлеу" тақырыбында баяндама жасады.  Жасанды интеллект және Big Data   кафедрасының меңгерушісі, т. ғ.к.   доцент Мадина Мансурова докторант Жұмашева Айнұрмен "Көмекші өмір жағдайында адамның іс-әрекетін танудың жіктелуі" тақырыбында да баяндама жасады.

Бағдарламада Назарбаев Университеті PhD докторы Шаманов Адай Сәкенұлы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Медицинадағы жасанды интеллект" бағдарламасының докторанты Сәрсембаева Талшын "Пациенттің денсаулығының сандық профилін жасау" тақырыбында өз баяндамаларын жасады.