ASIIN/ Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы

12.05.2023

Көрулер: 694

2023 жылдың 2-4 мамыры аралығында бізде келесі бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің сарапшылары болды:

6В07 - Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары

7М07 – Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары

8D07 – Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары

Тексеру үшін қажетті құжаттар тапсырылды.

Бірінші күні білім беру бағдарламаларының үйлестірушілерімен кездесу өтсе, екінші күні белсенді студенттер мен жұмыс берушілер, саладағы серіктестер шақырылды. Соңғы күні профессорлық-оқытушылар құрамымен сұхбат және зертханаларға, компьютерлік және дәріс аудиторияларына экскурсия. 

Инженерлік, информатика, ғылым және математика саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу агенттігі (ASIIN eV) 1999 жылы шілдеде құрылған коммерциялық емес бірлестік болып табылады. ASIIN құрылған күннен бастап неміс және шетелдік университеттерге бағдарламалық және институционалдық аккредиттеу рәсімдерін жүзеге асыруда сараптамалық қолдау көрсетіп келеді. Ұлттық және халықаралық деңгейде ASIIN инженерия, жаратылыстану, математика, информатика, сондай-ақ медицина және экономика салаларындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеуде көшбасшы ретінде танылды.