"Ашық аспан сыйлаған қаһармандар" тақырыбында ашық кураторлық сағат

25.04.2023

Көрулер: 484

Тұрақты даму мақсаттарына арналған танымдық іс-шара барысында студенттер Ұлы Отан соғысы туралы презентация, бейне және аудио файлдар түрінде көптеген мәліметтер дайындады. Сонымен қатар, шара аясында оқушылар Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдер оқып, Жеңіс күні туралы ән шырқап, жақындарын соғысқа шығарып салған әйел адамдар сахнасынан үзінді әзірледі. Сабақ мазмұнды болды, мақсаты ешкім де, ештеңе де ұмытылмайтынын тағы бір ескерту еді. Сабақты қорытындылай келе, "Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын" деген ізгі ниетпен және сондай жазбамен тәтті шоколадтар таратылды.