Мадина Мансурова, доцент, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, «ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ МОДЕЛІ: ЦИФРЛЫ МЕДИАДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ» атты VI Халықаралық журналистика форумы

10.04.2023

Көрулер: 486

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, доцент Мансурова Мадина Есимханқызы және Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының PhD докторанты Жиенбаев Мейран «ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ МОДЕЛІ: ЦИФРЛЫ МЕДИАДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ» атты VI Халықаралық журналистика форумына қатысты. Форумның пленарлық отырысында  «Создание портала KazNU Open Data для мониторинга состояния водных ресурсов РК» атты тақырыбында презентация қорғады. 

Жұмыстың мақсаты келесідей:

1. Гетерогенді ашық деректер көздерінен, атап айтқанда веб-мәтіндік кестелерден геокеңістіктік объектілерді және олардың байланысты кеңістіктік емес атрибуттарын автоматты түрде шығару әдістерін әзірлеу.

2. Қазақстан Республикасы бассейндеріндегі су ресурстарының сапасын бағалау үшін онтология негізінде әртүрлі деректер жиынтығының біріктірілген көрінісін құру.

3. Белгілі бір уақыт аралығында ластану кластары өзгерген су объектілерін қадағалауға мүмкіндік беретін білім графиктерін құру.

Зерттеу нысаны: Іле-Балқаш алабы

Судың тартылуы, өзендер және судың ластану индексі туралы деректерді визуализациялау үшін келесі қадамдар орындалды:

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық бюросы (stat.gov), 8 су алғыш бассейндер мен өзендер, жер үсті суларының ластану индексі (kazhydromet.kz) сияқты ашық көздерден әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша мәліметтерді жинау;

2. Деректерді құрылымдалмаған және жартылай құрылымдалған деректерден құрылымдық форматқа (CSV) түрлендіру;

3. Әртүрлі форматтағы деректерді жинайтын, тазалайтын, құрылымдайтын және сақтайтын GitHub платформасында Open Data Kazakhstan деректерін орналастыру;

4.Жақсырақ түсіну және деректерді талдау үшін графиктер.

 

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы